Ирландиялық жауынгер өзінің Белал Мұхаммад, Шавкат Рахмонов, Карлос Пратес және Майкл «Веном» Пейджпен өткізген жекпе-жектерін атап өтті.

«Мен Белал Мұхаммад, Шавкат Рахмонов, Карлос Пратес және Майкл “Веном” Пейдж сияқты жігіттермен жекпе-жек өткіздім. Олардың барлығы — әлемдегі ең айлакер әрі қауіпті жауынгерлердің қатарында. Алекс Волкановски мен Дастин Порье, әрине, бұл спорттың аңыздары. Бірақ олар мен атаған жігіттер сияқты қауіпті емес», — деді Гэрри ESPN-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ирландиялық өзінің соңғы қарсыластарының физикалық тұрғыдан да Махачевтің бұрынғы қарсыластарынан ірі болғанын атап өтті. Гэрридің пікірінше, ол кездескен спортшылардың бойы мен дене бітімі Махачев жеңген жеңіл және жартылай орта салмақтағы кейбір қарсыластарынан үлкен.

Енді Гэрри бұл сөздерін октагонда дәлелдеуге тырысады. Йен Гэрри мен Ислам Махачев UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде кездеседі. Жекпе-жек Филадельфияда 15 тамызда өтеді, ал Қазақстан уақытымен кездесу 16 тамыз күні таңертең болады.

Бұл Гэрридің UFC-дегі алғашқы титулдық жекпе-жегі болмақ. Ал Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды.