Бұған дейін ирландиялық файтер өзінің соңғы бес қарсыласы Махачевтің соңғы бес қарсыласынан әлдеқайда мықты болғанын мәлімдеген еді. Ислам бұл пікірге жауап бере отырып, Гәрридің Шавкат Рахмоновпен өткен жекпе-жегін еске алды.

«Сол мен төбелескен бес қарсыласымның бірі - Чарльз Оливейра. Бұл жігіт өзінің командаласы Чарльз Оливейраны сыйламайды. Ал мықты қарсыласпен кездескен кезде жеңіліп қалады. Шавкат оны төрт раунд бойы сабады», — деді Махачев.

Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гәрри 2024 жылы кездесіп, бес раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Енді Гәрри UFC 330 турнирінде Ислам Махачевпен кездеседі. Ал Махачев жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық белбеуін қорғап, UFC-дегі жеңісті сериясын 17 жекпе-жекке дейін ұзартады.