FC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дана Уайт туралы пікір білдіріп, оның жеке қарым-қатынас пен бизнесті бір-бірінен ажырата білу қабілетін ерекше атап өтті.

Нурмагомедовтың айтуынша, Уайт маңызды шешім қабылдаған кезде өзгелердің пікіріне қарамай, UFC мүддесін әрдайым бірінші орынға қояды.

«Ол жеке қарым-қатынас пен бизнесті ажырата білуде өте мықты. Маңызды шешімдерді біреуге ұнай ма, ұнамай ма — оған қарамай қабылдайды. Және бұл шешімдер әрдайым UFC үшін тиімді. Бизнесте Дана Уайт өте салқынқанды. Оның психологиясы мафия туралы фильмдердегідей: онда отбасы әрдайым бірінші орында тұрады. Ал Дана үшін бірінші орында әрқашан UFC», — деді Хабиб Лекс Фридманға берген сұхбатында.

Сонымен қатар Нурмагомедов UFC-дің жетістігі тек бір адамның еңбегі емес екенін атап өтті. Ол Брюс Баффер, Джо Роган, комментаторлар және ұйымның дамуына үлес қосқан өзге де мамандардың еңбегін ерекше атады. Дегенмен Хабиб UFC-дің басты тұлғасы ретінде Дана Уайтты көрсетті.

«Торттың үстіндегі шие әрдайым Дана болды. Соның арқасында UFC қандай жағдай болмасын UFC болып қала береді. Отыз жылдан астам уақыт бойы олар әлемдік ММА-ның Премьер-лигасы саналады. Үлкен ақшасы бар көптеген адамдар осыған ұқсас дүние жасауға тырысты, бірақ UFC секілді ұйым құру өте қиын. UFC 30 жылда басқа спорт түрлері жүз жылдан астам уақытта жеткен деңгейге жетті», — деді Нурмагомедов.

Осы демалыста Хабиб Нурмагомедов командаласы әрі жақын досы Ислам Махачевтің бұрышында болады. UFC 330 турнирінде Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриге қарсы қорғайды.