Умар Нурмагомедов бұрынғы қарсыласы Мераб Двалишвилидің бір ай бұрын Тбилисиде RAF турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында жасаған әрекетіне баға берді.

Оқиға кезінде Двалишвили Умардың досы Ахмед Гаджимагомедовты ұрып жіберген болатын. Гаджимагомедов гүржілік файтерден сол жерде болмаған жолдасы[Умар] туралы жағымсыз сөз айтпауын сұраған еді.

«Ол енді мұнымен өмір сүреді. Елестетіп көрші, Дағыстанда маған бір гүржі келіп, «Мераб туралы олай айтпа» деп сұрайды, ал мен жауап ретінде оны ұрып, өз тілімде анасына жетіп боқтаймын. Мен мұндайды елестете алмаймын. Адам ретінде ол енді осы әрекетімен өмір сүреді», — деді Нурмагомедов Адам Зубайраевқа берген сұхбатында.

Умардың айтуынша, мұндай жағдайда адамның кім екеніне қарамастан, дұрыс емес әрекетті дұрыс емес деп айту керек.

«Мұны қорғап жүрген адамдарға айтарым: кім жасағанына қарамастан, дұрыс емес нәрсені дұрыс емес деп атау керек. Оның үстіне, одан тек неге бұл жерде жоқ адам туралы жағымсыз сөз айтпауын сұрады. Оны ешкім балағаттаған жоқ, дөрекі сөз айтпады, құрметсіздік танытпады», — деді ол.

Умар Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 29 тамызда Макаода өтетін UFC Fight Night 286 турнирінде өткізеді. Кештің басты жекпе-жегінде оның қарсыласы Сонг Ядонг болады.

Ал Мераб Двалишвили 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 333 турнирінде Петр Янмен трилогияның шешуші жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белбеуді қайтаруға тырысады.