Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Қаблан биылғы маусымын қорытындылап, алдағы мақсаттарын айтты.
Спортшының сөзінше, маусым жоспарға сай өтіп жатыр. Қазақстанда ұйымдастырылған халықаралық жарыстарда әлемнің әр түкпірінен мыңға жуық спортшы қатысып, бәсеке жоғары болған. Қаблан екі турнирде де жеңіске жеткен.
Қазір ұлттық құрамада дайындықтың техникалық және тактикалық кезеңі жүріп жатыр. Спортшылар әр қарсыласқа жеке тактика дайындап, физикалық және техникалық деңгейін жетілдіруде.
«Қазір өзімді жақсы бабымда екенімді сезініп жүрмін. Алдағы маңызды жарыстарға дейін бабымызды одан әрі жетілдіруге тырысамыз. Қазақстанның туын биік көтеру үшін бар күшімізді саламыз», – деді таеквондошы.
Қаблан алдағы Азия ойындарына да дайындалып жатқанын атап өтті. Ал оның басты мақсаттарының бірі – Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында сәтті өнер көрсету.
Сонымен қатар спортшының ең үлкен арманы Олимпиада ойындарына қатысып, Қазақстанның намысын лайықты қорғау.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!