Бұл туралы әлеуметтік желіде Krazy Kev MMA және кейін оның әріптесі Agent MMA атты инсайдерлер хабарлады. Алайда әзірге UFC немесе спортшы тарапынан ұйыммен келісімшарт тоқтатылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурызында өткізді. Қазақстандық спортшы әлемдегі ең мықты ММА промоушенінде төрт жекпе-жек өткізіп, оның бірінде жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапты.
Алмахан соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың маусымында Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізді. Ол кезде қазақстандық файтер бразилиялық Жан Мацумотоға (18-2) төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген.
Егер бұл ақпарат ресми түрде расталса, Бекзат Алмаханның UFC-дегі алғашқы кезеңі 1 жеңіс және 3 жеңіліскөрсеткішімен аяқталады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!