Жарыс Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Азия ойындарына дайындық аясындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Қазақстандық таеквондошылар Лахорда жүлде үшін таласып, алдағы басты жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.
Айта кетейік, өткен жылы Қытайдың Тайань қаласында ұйымдастырылған World Taekwondo Президентінің кубогында Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алған болатын. Сол нәтижелердің арқасында қазақстандық спортшылар Азия чемпионатына қосымша квоталарға ие болды.
Биыл ұлттық құрама Лахордағы додада да жоғары нәтиже көрсетіп, Азия ойындары қарсаңында өз мүмкіндіктерін сынап көрмек.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!