UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иен Мачадо Гэрриге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті.
Бес раундқа толық созылған кездесуде Махачев төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Жекпе-жектің екінші раундында Ислам Гэрриді нокдаунға түсіріп, кездесудегі ең маңызды эпизодтардың бірін жасады.
Бұл жеңіс Махачев үшін тарихи нәтижеге айналды. Ол UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізіп, бұған дейін Андерсон Силваға тиесілі болған рекордты жаңартты.
Осылайша, Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық мәртебесін сақтап қана қоймай, UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серияның жеке-дара иегері атанды.
UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия:
17 - Ислам Махачев
16 - Андерсон Силва
15 - Камару Усман
14 - Мераб Двалишвили
13 - Хабиб Нурмагомедов
Ислам Махачевтің кәсіби рекорды — 29 жеңіс және 1 жеңіліс.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!