Бразилиялық файтер Эдсон Барбоза UFC 330 турниріндегі жекпе-жегінен кейін кәсіби мансабын аяқтады.

40 жастағы Барбозаның соңғы қарсыласы аргентиналық Эстебан Рибович болды. Жекпе-жек екінші раундта аяқталып, Рибович техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кездесуден кейін Барбоза мансабын аяқтайтынын жариялап, аралас жекпе-жектегі ұзақ жылдарға созылған спорттық жолына нүкте қойды.

Эдсон Барбоза кәсіби мансабында 39 жекпе-жек өткізіп, 24 рет жеңіске жетіп, 15 мәрте жеңіліс тапты.