Әлем чемпионы Ризабек Айтмухан АҚШ-қа келіп жетті. Ол 18 сәуір күні өтетін турнирде америкалық олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен чемпиондық белбеу үшін күреседі.
«Америка, біз белбеу үшін келдік», - деп жазды Айтмұхан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Белдесу Филадельфия қаласында RAF лигасының турнирі аясында өтеді. Снайдер алғаш рет титулын қорғайтын болады.
Айта кетейік, қос балуан бұған дейін де кездескен. 2025 жылдың 25 ақпанында Алматыда өткен PWL 8 турнирінде Снайдер 8:0 есебімен айқын жеңіске жеткен еді.
Енді Айтмұхан сол жеңілістің есесін қайтаруға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, RAF турнирінің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпиондары - Мераб Двалишвили мен Генри Сехудо кездеседі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!