UFC-дің минималды салмақтағы чемпионы Маккензи Дерн Филадельфияда өтіп жатқан UFC 330 турнирінде чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Америкалық спортшы рейтингте бесінші орында тұрған канадалық Джиллиан Робертсонмен кездесіп, бес раундқа толық созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дерн UFC чемпионы атанғаннан кейін белбеуін алғаш рет сәтті қорғап, кәсіби мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде бес жеңіліс бар. Маккензидің сегіз жеңісі мерзімінен бұрын тіркелген.
Ал Джиллиан Робертсонның кәсіби рекорды — 17 жеңіс және 6 жеңіліс.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!