Қазақстан өкілі 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы бәсекесінде Бекасыл іріктеу кезеңінде қытайлық Аньчао Луды 10:0 есебімен жеңді.
1/8 финалда қазақстандық балуан украиналық Артем Тиснохузбен кездесіп, оны да 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Ширек финалда Бекасылдың қарсыласы ресейлік Зелимхан Чаниев болды. Қазақстандық балуан бұл белдесуде де 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Бекасыл жапониялық Ицуки Йонаширомен белдесті. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық спортшы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалына шықты.
Осылайша, Асамбек Бекасыл әлем чемпионатында қатарынан төрт белдесуде жеңіске жетті. Алғашқы үш қарсыласына бірде-бір ұпай бермеген қазақстандық балуан енді U20 әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!