Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Ғабит Расулхан салды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде канадалық Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық дзюдошылар арасынан тағы екі спортшы күміс медаль иеленді. Әділжан Нұрбекен 50 келіге дейінгі салмақта екінші орын алса, Адия Жанахмет 40 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) және Ахмет Баубек (60 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.