Ұлдар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Ерзат жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, Армения, Кот-д’Ивуар, Эквадор және Иран спортшыларын жарыс жолынан шығарды. Алайда, жарттылай финалда Оман спортшысы Аль-Юсуфи Дауд Фахадқа жол берді. Айта кетерлігі, бұл 16 жастағы Ерасылдың жастар арасындағы алғашқы Әлем чемпионаты және алғашқы жүлдесі. Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігіне барлығы 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда. Жарыс 17 сәуірге дейін жалғасады.

Ақпарат көзі: Қазақстан таэквондо федерациясы (WT)