61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Финалда Бекасыл АҚШ өкілі Аарон Сайделмен белдесті. Кездесу америкалық балуанның 7:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан өкілі әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.

Бекасыл финалға дейін төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде ол қытайлық Анчао Луды 10:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда украиналық Артем Тиснохузды дәл осындай есеппен ұтты.

Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевтен 10:0 есебімен басым түсті.

Ал жартылай финалда жапониялық Ицуки Йонаширомен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Осылайша, Бекасыл финалға дейінгі төрт белдесуінде қарсыластарына 33 ұпай жинап, небәрі бір ұпай ғана берді.

Бекасыл Асамбек — 2026 жылғы U20 Азия чемпионы, сондай-ақ 2025 жылғы U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазыбек Қалмағанбетов алтын медаль салған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Братиславадағы жастар арасындағы әлем чемпионатында әзірге бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.