Қазақстан құрамасы барлық 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алайда спортшылардың ешқайсысы жүлдеге іліге алмады. Қола медаль үшін белдесулерге Динара Дауылқызы (53 кг) мен Ұлдана Тілеухан (68 кг) жетті. Дегенмен, екі балуан да шешуші кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

Әйелдер арасындағы командалық медаль есебінде Жапония құрамасы топ жарды. Жапон балуандарының еншісінде 5 алтын және 1 күміс медаль бар.

Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты. Үндістандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді. Қытай балуандары 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.