Бапкер әлеуметтік желідегі парақшасында отандық бокстың көшбасшыларының бірі Азия ойындарынан тыс қалуы мүмкін деген жағдайға таңғалыс білдірді:

«Әлемде бірінші номер болып саналатын боксшы неге Азия ойындарына қатыспауы керек? Негізі, оның бүкіл карьерасындағы жалғыз жеңілісі бәрін шешіп кеткені ме?» — деп жазды Оралбеков.

Айта кетейік, Жапонияда өтетін сары құрлықтың басты бәсекесі — Азиада-2026 турниріне қатысатын боксшылар құрамы әлі ресми түрде толық бекітілген жоқ. Бапкердің бұл мәлімдемесі жанкүйерлер мен бокс сүйер қауым арасында қызу талқылануда.