+90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда ресейлік Абдулманаф Рамазановпен белдесті. Жаудинов қосымша уақытта қарсыласын иппонмен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.
Әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Әділжан жарысты екінші кезеңнен бастады. Алғашқы белдесуінде жапониялық Кога Терукиді жеңді. Ширек финалда бразилиялық Жозе Паулу Перейрадан басым түссе, жартылай финалда Франция өкілі Азриэль Декенн Диффоны ұтты.
Бұл — Қазақстан құрамасының Эквадордағы әлем чемпионатындағы үшінші алтыны. Осылайша, қазақстандық дзюдошылар жеке жарыстарды 10 медальмен аяқтады.
Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде бар. Бұл нәтиже ел құрамасына жалпы медаль кестесінде екінші орын алуға мүмкіндік берді.
🥇 Расулхан Ғабит — 60 кг
🥇 Фатима Сұпығалиева — 52 кг
🥇 Әділжан Жаудинов — +90 кг
🥈 Әділжан Нұрбекен — 50 кг
🥈 Адия Жанахмет — 40 кг
🥈 Інжу Жұмажан — 57 кг
🥉 Бекарыс Құдайберген — 50 кг
🥉 Ахмет Баубек — 60 кг
🥉 Ерік Үсенов — 66 кг
🥉 Еркен Бекәлі — 73 кг
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!