Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті. Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.

Финалда Қазақстан сапында Расулхан Ғабит (-60 кг), Інжу Жұмажан (-63 кг), Бекали Еркен (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) күресті.

Қазақстан құрамасы жарыс жолын Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда Жапония құрамасын 4:2 есебімен, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен жеңді.

Бұл - Қазақстан дзюдосы тарихындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас командалық сынында қол жеткізілген алғашқы чемпиондық атақ.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола — барлығы 10 медаль жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтаған болатын.