Қазіргі таңда Амосов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде 14-орында тұр. Масвидаль украиналық спортшының дивизиондағы ең мықты файтерлермен бәсекелесуге қажетті барлық қасиеті бар деп есептейді.
«Ол топ-10-дағы кез келген файтер үшін, соның ішінде Махачев үшін де өте қауіпті қарсылас. Ярослав өте мықты. Ол бойы мен дене бітімі жағынан ірі, физикалық тұрғыдан да күштірек болуы мүмкін. Сонымен қатар оның күрес техникасы өте жоғары деңгейде. Меніңше, ол Махачев қолданатын жақын қашықтықтағы күрес тәсілдерінде де басымдыққа ие бола алады», — деді Масвидаль.
Америкалық файтер Амосовтың күрестегі дайындығы мен самбодағы тәжірибесін де ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл дағдылар украиналық спортшыға Махачевтің басты тәсілдеріне қарсы тұруға көмектеседі.
Айта кетейік, Ислам Махачев қазіргі уақытта UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсетіп жүр. 15 тамызда ол чемпиондық белбеуін Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жекте қорғауы тиіс.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!