Бұған дейін грузиялық файтер UFC - дің өзіне америкалық-грузиялық туды пайдалануға рұқсат бермегеніне наразылық білдірген еді. Двалишвилидің айтуынша, ол өзінің бес титулдық жекпе-жегінің барлығында ту ұстап шыға алмаған. Ал Махачев Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін оның командасы октагонға Ресей туын алып шыққан.
Двалишвили өз сөздері Ислам Махачевке жеке бағытталмағанын атап өтті.
«Мен Исламға жау емеспін. Оны ұлы әрі қарапайым чемпион деп білемін. Оның осы деңгейге жету жолындағы еңбегін құрметтеймін. Оған деген құрметтен басқа ешқандай сезімім жоқ. Жекпе-жектен кейін оны әлеуметтік желіде де құттықтадым. Бірақ оның командасының октагонға Ресей туын алып шыққанда көңілім қалды», — деді Двалишвили.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!