60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен титулдық белдесуде қазақстандық спортшы Тәжікстанның жеңілмеген файтері Халим Назрулоевпен кездесті. Оның кәсіби рекорды - 13-0.
All-Stars Title Match мәртебесіндегі жекпе-жек No-Gi, яғни кимоносыз күрес ережесі бойынша өтті. Белдесу қорытындысында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Асу Алмабаевқа берілді.
Бұл жеңіс қазақстандық спортшы үшін өткен аптадағы сәтсіз өнерден кейінгі жақсы нәтиже болды. RAF 12 турнирінде еркін күрес ережесі бойынша өткен кездесуде Алмабаев америкалық Джонни ДиДжулиусқа небәрі бір жарым минутта жеңіліп қалған еді.
Асу Алмабаевтың ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишн арқылы жеңген болатын.
Осылайша, Асу Алмабаев спорттық мансабына тағы бір чемпиондық титул қосты. Бұл жолы қазақстандық файтер грэпплингте топ жарды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!