Титулдық жекпе-жекте Жақыпбек ресейлік Владислав Фокинмен кездесті. Жекпе жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі екіге бөлініп жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.
Осылайша, Медғат Жақыпбек кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, Open FC ұйымының орта салмақтағы уақытша чемпионы атанды. Ал Владислав Фокин үшін бұл мансабындағы үшінші жеңіліс болды.
Жекпе-жектің тағы бір ерекшелігі - Жақыпбек кездесуге өте қысқа мерзімде келісім берген.
Қазақстандық файтердің бапкерінің айтуынша, Фокиннің командасы бастапқыда Медғатпен жекпе-жек өткізгісі келмеген. Бұған қазақстандық спортшының кәсіби мансабындағы жекпе-жектер санының аздығы себеп болған.
Алайда ресейлік файтердің басқа таңдауы қалмаған. Сондықтан оның командасы Жақыпбекпен кездесуге келісуге мәжбүр болған.
Айта кетейік, Фокиннің бастапқы қарсыласы бразилиялық Марсио Брено болуы керек еді. Оның кәсіби рекорды - 23 жеңіс және 12 жеңіліс.
Нәтижесінде Медғат Жақыпбек қысқа мерзімде жекпе-жекке шығып қана қоймай, қарсыласының елінде жеңіске жетіп, Open FC-нің уақытша чемпиондық белбеуін иеленді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!