Бұл туралы Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров Sports.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«21 қараша, Катар елінде төбелесеміз деп отырмыз. Қарсылас жақында белгілі болады. Ройвал отбасылық жағдайларға байланысты төбелеспейтін болды және жарақаты бар екен-мыс. Жақын уақытта қарсылас беріп қалады деген үміттеміз. Келісімшартқа әлі қол қойылмаған соң, қарсыластың есімін атауды дұрыс деп санамаймын. Бірақ топтағы бір файтерді беретіні хақ», – деді Базров.

Осылайша, әзірге Алмабаевтың қарсыласы ресми түрде бекітілмеген. Бұған дейін қазақстандық файтердің UFC-дің экс-титул үміткері Брэндон Ройвалмен кездесуі мүмкін екені айтылған еді. Алайда америкалық спортшы отбасылық жағдайы мен жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпайтын болған.

Алмабаев командасы енді UFC рейтингіндегі үздік файтерлердің бірімен кездесу күтіп отыр. Қарсыластың есімі жақын уақытта белгілі болуы мүмкін.