Ахметов ықтимал қарсыласына әлеуметтік желі арқылы үндеу жасап, Қазақстан мен Тәжікстан өкілдері арасындағы принципті жекпе-жек өткізуді ұсынды.

«Азам, сені “Тәжікстанның Хабибі” деп атайды, оның себебі де бар. Сен өз еліңнің жастарына лайықты үлгісің.

Бірақ біз одан да асып түсе аламыз. Басқалардың тарихын қайталамай, өз тарихымызды жазайық.

Оны “ММА пионерлерінің шайқасы: Қазақстан — Тәжікстан” деп атайық. 31 қазан. Душанбе. ACA. Ұйым басшылығы да бұл жекпе-жекке қызығушылық танытып отыр. Не дейсің? Жауабыңды күтемін», — деп жазды Ахметов.

Қайрат Ахметов соңғы жекпе-жегін биыл қаңтар айында Грозныйда өткен ACA 198 турнирінде өткізді. Қазақстандық спортшы ұйымдағы дебютін сәтті өткізіп, ресейлік Мансур Хатуевт жеңген болатын.

Ал Азам Гафоров соңғы рет 8 мамырда Ташкентте өткен ACA 203 турнирінде октагонға шығып, ресейлік Арен Акопянға төрешілердің бірауыз шешімімен есе жіберді.

Гафоров ACA ұйымының ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі үздік үштікке кіреді және промоушендегі ең танымал әрі файтерлердің бірі саналады.

Осылайша, Қайрат Ахметов пен Азам Гафоров арасындағы жекпе-жек жүзеге болса, Душанбе қаласында өтетін ACA 209 турнирінің ең қызықты әрі принципті кездесулерінің біріне айналуы мүмкін.