Барлығы UFC-дің Шанхайдағы турнирінде болған оқиғадан кейін басталды. Усман Нурмагомедов Умар Нурмагомедов қытайлық Сун Ядуннан нокаутпен жеңілгеннен кейін октагонға кіріп, қарсыласқа шынтақпен соққы жасаған.
Даниэль Кормье бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Усманның әрекетін түсіндіруге тырысқан. Алайда оның ұстанымы Даррен Тиллдің наразылығын тудырды.
Британдық файтердің пікірінше, Кормье Нурмагомедовтар командасын тым жиі қорғайды.
«Неліктен Ди Си Нурмагомедовтарды үнемі қорғай береді? Мен сені UFC тарихындағы ең мықты спортшылардың бірі деп білемін. Бірақ компания қызметкері ретіндегі әрекетің мен айтатын пікірлерің маған мүлде ұнамайды. Комментаторлық жұмысты қойып, Нурмагомедовтардың адвокаты болғаның дұрыс шығар. Сен өз тарапыңды үнемі ақтауға тырысасың», — деді Тилл.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!