Сұхбат барысында Рахмоновтан өзін Махачев үшін ең қауіпті қарсыластардың бірі деп санай ма деген сұрақ қойылды.
— Ислам үшін ең қауіпті қарсылас сенсің деп ойлайсың ба?
— Меніңше, иә, — деп жауап берді Шавкат.
Сондай-ақ қазақстандық спортшыдан Махачевті қандай компоненттің арқасында жеңе алатыны сұралды.
— Менің тік тұрым айқасу деңгейім Исламдікінен жақсырақ, — деді Рахмонов.
Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шыққан болатын. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ол ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді.
Қазақстандық файтердің ұзақ уақыт бойы октагонға шықпауына сол тізесіндегі ауыр жарақат себеп болды. Рахмонов бірнеше операция жасатып, оңалу кезеңінде жарақаты қайтадан сыр берген.
Ал Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін 15 тамыз күні Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде өткізді. Сол кездесуде чемпион Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жек қазірдің өзінде MMA жанкүйерлері асыға күтетін ең қызықты кездесудің бірі саналады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!