Турнирдің басты айқастары:

Постерде жанкүйерлер асыға күткен ең мықты файтерлер бейнеленген:

  • Басты жекпе-жек: Илия Топурия мен Джастин Гэтжи арасындағы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін сарапқа салынатын айқас.

  • Ко-меййн ивент: Алекс Перейра мен Сирил Ган арасындағы ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін шайқас. Перейра бұл кеште үш түрлі салмақ дәрежесінде чемпион атанған алғашқы файтер болуға тырысады.


Ерекше рекордтық сыйақы

Турнирдің тағы бір сенсациясы — Crypto.com демеушілігімен берілетін рекордтық бонус. Жекпе-жекте ерекше көзге түскен файтерлерге жалпы сомасы 1 миллион доллар бонус беріледі. Бұл UFC тарихындағы ең ірі қосымша сыйақы болып тіркелмек.

Дана Уайт: "Бұл жай ғана турнир емес, бұл — спорт пен саясаттың тоғысқан тарихи шоуы. 14 маусымда бүкіл әлемнің назары Ақ үйге ауады!"


Турнир кестесі (Fight Card):

  1. Ilia Topuria vs. Justin Gaethje (Титулдық жекпе-жек)

  2. Alex Pereira vs. Ciryl Gane (Уақытша белбеу)

  3. Sean O’Malley vs. Aiemann Zahabi

  4. Mauricio Ruffy vs. Michael Chandler

Бұл кеш ММА жанкүйерлері үшін 2026 жылдың ең маңызды оқиғасы болмақ. Ақ үй ауласында шамамен 5 000 көрерменге арналған уақытша арена тұрғызылады.