Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы Жапонияда өткен RIZIN LANDMARK 13 турнирінде өзінің «RIZIN» лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Ол жапониялық Тенья Ёсимура қарсы айқаста үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, қарсыласы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде 3,5 келі артық көрсетіп, Нұрханға екі есе жүк түсірген болатын.

Осыған дейін Жұмағазы «RIZIN» ұйымындағы дебюттік кездесуінде Тацуя Сайка бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Қазіргі таңда Нұрхан Жұмағазының еншісінде: 11 жеңіс, 1 жеңіліс жазылған.