UFC 331 турниріндегі файтерлердің гонорарлары белгілі болды.
Қызығы, басты жекпе-жекте жеңіліп қалған Александр Пантожа $650 мың алып, турнирдің ең көп табыс тапқан файтері атанды. Ал чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Джошуа Ванның гонорары — $500 мың.
Арман Царукян Маурисио Руффиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, $350 мың алды. Руффиге жекпе-жекке шыққаны үшін $110 мың төленді. Жеңген жағдайда ол тағы $110 мың алар еді.
Сондай-ақ Патрисио Питбуль мен Марлон Вера — $400 мыңнан, Тай Туиваса — $350 мың, Гейбл Стивсон — $160 мың табыс тапты.
Бұл — Калифорния атлетикалық комиссиясы жариялаған гонорарлар. Мұнда қосымша бонустар мен басқа төлемдер есепке алынбаған.
Қосымша: Турнирде негізгі бонустардың көлемі $100 000 болды:
- Үздік жекпе-жек: Джошуа Ван – Александр Пантожа — екеуіне де $100 000
- Үздік өнер көрсету: Арман Царукян — $100 000
- Үздік өнер көрсету: Кейси О’Нилл — $100 000
- «Proper Chaos» арнайы бонусы: Шон Шараф — $50 000 + Дана Уайттан тағы $50 000. Шараф Гейбл Стивсонды небәрі 12 секундта нокаутқа түсірді.
Сонымен қатар мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, негізгі бонусқа ілікпеген файтерлерге $25 000-нан қосымша бонус берілді. Олардың қатарында Патрисио Питбуль, Марлон Вера, Джоандерсон Брито және Райан Гандра бар.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!