12 сәуір күні өткен RIZIN FF LANDMARK VOL 13 турнирінде Раджабали Шайдуллаев жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын үшінші рет сәтті қорғады.
Шайдуллаевтың қарсыласы жапониялық Юта Кубо болды. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Қырғыз файтері қарсыласын жерге құлатып, басым позицияға ие болып, сериялық соққыларымен көзге түсті. Артынша төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды
Осылайша, Шайдуллаевтың рекорды - 19 жекпе-жек, 19 жеңіс. Оның барлық жеңістері мерзімінен бұрын аяқталған: 10 - сабмишен, 9 - нокаут.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!