Қазақстандық спортшы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр.
Жартылай финалда Абдуллаев Қытай Тайбэйінің өкілі Хуан Жанды жеңіп, жарыстың шешуші бәсекесіне жолдама алды.
Бұған дейін ширек финалда Абдуллаев Непал спортшысы Санджив Махарджанды мерзімінен бұрын жеңген болатын. Ал Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Лаос өкілі Анонг Теунчалеуннан басым түсті.
Осылайша, Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарының алтын медалі үшін күресін жалғастырады.
Бұған дейін Әлижан Аблағатов 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!