ACA 202 турнирінің негізгі кардындағы басты жекпе-жекте ол ресейлік, UFC-дің бұрынғы файтері Максим Гришинге қарсы реванш өткізді.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (30:27, 30:27, 29:28) Бақытжанұлы жеңіске жетті. Бұл кездесуде жеңіске жету -  2023 жылғы жеңілістің есесін қайтарғандай болды.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы:
«Әр жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Әрқайсысына соғысқа дайындалғандай дайындаламын. Бұл кездесуде интригаға толы болды, интернеттегі қарсыластық та күшейді. Бірақ менде Максимге қатысты ешқандай сұрақ болған емес», — деді.

Осылайша, Асылжан Бақытжанұлының кәсіби рекорды 18 жеңіс пен 7 жеңіліске жетті. Ал 41 жастағы Гришин мансабындағы қатарынан екінші жеңілісіне ұшырады (35 жеңіс, 12 жеңіліс, 2 тең нәтиже).