48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Чэнь Хао Линмен белдесті. Кездесу қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түскен Әбужақынова алтын медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошы ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Дейді иппон әдісімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова – 2023 жылғы Азия ойындарының және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Осылайша, отандасымыз қазіргі Азия ойындарында кемінде күміс жүлдені қамтамасыз етті. Енді ол финалда алтын медаль үшін белдеседі.