60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен белдесті. Кездесу барысында Сметов вазари ұпайын еншілеп, белдесу соңына дейін басымдығын сақтап қалды.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошы ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды жеңген болатын.
Айта кетейік, Ян Юнвэй – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Екі спортшы бұған дейін Париж Олимпиадасында да кездесіп, жеңіс Сметовке бұйырған еді.
Осылайша, Елдос Сметов Азия ойындарының кемінде күміс жүлдесін қамтамасыз етті. Енді отандасымыз финалда алтын медаль үшін белдеседі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!