Қабдрахмановтың айтуынша, Жалғастың дайындығы мен жекпе-жек стилі айтарлықтай өзгерген:
«Жалғас ағамыздың екінші тынысы ашылды. Мен өзім таңқаламын. Тіптен басқаша қозғалады, техникасы өзгерді. Ол өзі: “Нұрбек, мен қалай дұрыс төбелесу керектігін түсіндім. Қалай дұрыс жаттығу керектігін түсіндім”, – дейді.»
Команда ішіндегі бұл өзгерістер спортшының алдағы жекпе-жектерінде жаңа қырынан танылуына себеп болуы мүмкін. Жаттықтыру процесін қайта қарап, техникасына жаңаша көзқарас қалыптастырған Жұмағұлов енді жанкүйерлерін тың нәтижелермен қуантуға ниетті.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!