Қазақстан құрамасының өкілі Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз қола медаль үшін өткен кіші финалда Оңтүстік Корея өкілімен кездесті.

Шешуші белдесуде қарсыласынан басым түскен Жібек Құлымбетова Қазақстан қоржынына қола медаль салды.