Қазақстан құрамасының өкілі Есмигүл Куюлова ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан қола жүлдеге ие болды.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллоевамен кездесті.
Шешуші белдесуде қарсыласынан басым түскен Есмигүл Куюлова Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Айта кетейік, бұл — Есмигүл Куюлованың Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!