Қазақстан құрамасының өкілі Алмат Әділет дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Азия чемпионы жартылай финалда Тәжікстан өкілі Абубәкір Шеровпен кездесіп, қарсыласын вазари әдісімен жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы алтын медаль үшін белдесуге жолдама алды.
Финалда Алмат Әділет жарыс қожайыны Сотаро Фудживарамен кездесуі тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшы денсаулығына байланысты жарысты жалғастыра алмай, күміс медаль иеленді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!