Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан күміс жүлдеге ие болды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Моңғолия өкілі Анужин Уран-Улзимен кездесті. Ажар қарсыласын 11:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Белдесу барысында отандасымыз вазари және юко әдістерімен ұпай жинады.
Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Ажар Асхат Жапония өкілі Рин Маэдамен кездесті. Финалда қарсыласына есе жіберген қазақстандық спортшы Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!