Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева виртуалды таеквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында отандасымыз жартылай финалға дейін жетті.

Финал жолдамасы үшін өткен бәсекеде Рита Бакишева Филиппин өкілі Жеус Габриель Дерик Япемен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Нәтижесінде Рита Бакишева жарысты үшінші орынмен аяқтап, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.