Қазақстан құрамасының өкілі Сейілхан Болатбек джиу-джитсудан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жарыста 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі қазақстандық спортшы жүлдеге таласты.

Қола медаль үшін өткен қазақстандық дербиде Сейілхан Болатбек отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Белдесу Болатбектің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Сейілхан Болатбек Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.