Қазақстан құрамасының өкілі Екатерина Токарева дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.

Үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Екатерина Токарева Иран өкілімен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде салды.