Спортшының сөзінше, ол әзірге NAIZA Fighting Championship лигасында өнер көрсетуін жалғастыра ма, жоқ па, нақты шешім қабылдамаған. Қазіргі таңда ол шетелдік промоушендерден түскен ұсыныстарды да қарастырып жатыр.

«NAIZA-да төбелесем ба, төбелеспеймін бе, әзірге белгісіз. Болашағым нақты емес. Менің мақсатым — шетелде өнер көрсету, өйткені Қазақстанда көп тұрып қалдым», — деді Қабдрахманов.

Сонымен қатар ол ORDA PROMOTION тарапынан ұсыныстар түскенін, қазір сол келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.

«Әзірге ештеңе нақты емес. ORDA PROMOTION-нан ұсыныстар түсті, соны ойластырып жатырмыз. Қарсылас, гонорар, уақытына келіссек — дайынмын», — деді спортшы.

Қабдрахмановтың айтуынша, кәсіби спортта нәтижеге көп нәрсе байланысты, ал жеңілістер спортшының нарықтағы сұранысына әсер етеді.

«Шыны керек, ұтылсаң — ешкімге керек емессің. Құнсыз болып қаласың. Бұрын NAIZA чемпионы болдым, перспектива болды. Қазір ұтылып қалдың — қызығушылық та азаяды», — деп қосты ол.

Дегенмен, спортшы нағыз чемпиондарды жанкүйерлер бәрібір жақсы білетінін атап өтті.