Қазақстандық балуан Начын Куулар еркін күрестен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қола медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз Солтүстік Корея өкілі Ким Кван Джинмен кездесті.
Тартысты өткен белдесудің соңғы сәттерінде Начын Куулар қарсыласынан жеңісті жұлып алып, 7:5 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық балуан Азия ойындарының қола медалін жеңіп алып, ұлттық құраманың қоржынына тағы бір жүлде салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!