Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали таеквондодан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жарыста отандасымыз жүлделі орынға таласып, жартылай финалға дейін жетті.
Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Батырхан Төлеуғали Қытай Тайбэйінің өкілі Хунг Джиун-ииге есе жіберді.
Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!