Қазақстан құрамасының өкілі Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының чемпионы атанды.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жарыстың финалына дейін жетіп, алтын медаль үшін Филиппин өкілі Курт Барбосамен кездесті.

Шешуші жекпе-жекте Тамирлан Тілеулес қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Осылайша, қазақстандық таеквондошы ел қоржынына тарихи алтын жүлде салды.