Қазақстан құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілі Ли Вэньцзимен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Эльмира Сыздықова қарсыласын 9:8 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде қазақстандық балуан Жапония өкілі Юка Кагамимен кездесті.
Финалда қарсыласына есе жіберген Эльмира Сыздықова Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!