Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Иордания өкілі Майя Ишакатпен кездесті.
Шешуші белдесуде Мариан Журавлева қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Азия ойындарының қола медалін иеленді.
Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына джиу-джитсудан тағы бір жүлде салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!