Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Нұрқожа Қайпанов қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша, қазақстандық балуан ұлттық құраманың қоржынына тағы бір медаль салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!